Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарын қызметінен босатты

Ақорда арнайы хабарлама жариялады

Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарын қызметінен босатты
Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Еңбек жолы:

  • «Астана қаласы Сарыарқа ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ инспекторы, кеңесшісі, бас инспекторы,  операциялық зал бастығының орынбасары (2008-2011 жж.);
  • «БТА Банк» АҚ Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгері (заң секторының меңгерушісі) (2011 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы (2011-2012 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы (2013-2014 жж.)
  • Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасының басшысы, Заң басқармасының басшысы (2014 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Заң басқармасының басшысы (2014-2016 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директорының орынбасары (2016-2017 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2017-2023 ж.);
  • ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры (2023 ж. наурызынан бастап).
  • Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары лауазымы (2025 жылдың сәуірінен бастап).