$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.03.2021, 15:09
Оқиғалар

Түркістан облысында Шардара су қоймасынан балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Түркістан облысында Шардара су қоймасынан балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Түркістан облысында Шардара су қоймасынан балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында анықталғандай, түнде жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде Мақтаарал АПБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен су ресурстарын қорғау жөніндегі инспекторлар бірлесіп, жағалауда электротокты қармақтың көмегімен балық аулаған ер адамды байқаған. Осы сәтте күдікті полицейлердің жақындағанын көре салып, мотоциклге отырып оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Бірақ тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында браконьер бірден ұсталды.

Полиция қызметкерлері заңсыз балық аулаған Мақтаарал ауданы тұрғынынан резеңке қайық, балық аулау құралдарын және заңсыз ауланған 20  кг түрлі балық тәркіледі.  Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру" бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны және ресурстарды заңсыз өндіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғауға және заңдарды сақтауға шақырады. Егер сіз браконьерлік деректеріне куәгер болсаңыз немесе қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, тез арада полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

Серіктес жаңалықтары