Жамбылдық полицейлер жезөкше ұстайтын притонды анықтады

Оны ұйымдастырумен айналысқан азаматша кінәсін мойындады

Жамбылдық полицейлер жезөкше ұстайтын притонды анықтады
Фото: ашық дереккөзден

«Стоп-Трафик» жедел- алдын алу іс-шарасының бірінші күні Тараздағы Исатай батыр көшесіндегі сауықтыру кешенінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 48 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азаматша кінәсін мойындады.

Сондай-ақ, 12 адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру).

Профилактикалық есепке «сутенер» санаты бойынша 2 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 5 әйел қойылды.

Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.