«Қандыағаш-Ембі-Шалқар» автожолында жол-көлік оқиғасы болып, 4 адам қаза тапты

Бұдан бөлек 8 адам Ембі қаласының орталық ауруханасына жатқызылды

«Қандыағаш-Ембі-Шалқар» автожолында жол-көлік оқиғасы болып, 4 адам қаза тапты

24 наурызда «Қандыағаш-Ембі-Шалқар» автожолында жол-көлік оқиғасы болып, бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

40 жастағы «Лада-Приора» автокөлігінің жүргізушісі Ембі қаласынан Қандыағаш қаласы бағытында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар» автожолымен жүйткіп келе жатып, осы жолмен қарсы бетте келе жатқан «Лада-Приора» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 32 жастағы әйел, 14 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды, ал 3 жасар қыз Ембі қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.

Сонымен қатар, басқа көліктің жүргізушісі мен 6 жолаушысы Ембі қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, онда 51 жастағы жолаушы есін жимастан қайтыс болды.

ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.