Қостанайда жол апатынан зардап шеккен алты жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Қостанайда жол апатынан зардап шеккен алты жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: ашық дереккөзден

24 наурызда сағат 12:48-де Қостанайдағы Қайырбеков – Лермонтов көшелерінің қиылысында «Мерседес» маркалы №25 автобус пен «Ваз 2110» автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, апат салдарынан «Ваз 2110» көлігінің жолаушысы 6 жасар қыз облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Ваз 2110» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісіне амбулаториялық ем тағайындалды. 60 жастағы автобус жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Патруль келгенде автобуста жолаушылар болмаған. 

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдын ала мәліметтер бойынша автобус жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілмеген сигналына жүрген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.