Көпқабатты үйдің шатырынан құлаған азамат аман қалды

Ол үйдің шатырын қардан тазалау кезінде абайсызда құлап кеткен

Әлеуметтік желілерде қар тазалау кезінде көпқабатты үйдің шатырынан құлап кеткен ер азаматтың видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында болған. Видеода қолына күрек ұстаған ер азамат төрт қабатты үйдің шатырын қардан тазалау кезінде абайсызда тайып кетіп, артынша құлап түскені байқалады.

«21 наурыз күні сағат 13.00 шамасында Алтай қаласы Космонавтов көшесінің 33 жастағы тұрғыны қар тазалау кезінде төрт қабаттың үйдің төбесінен құлап түсті. Оқыс жағдайдан азамат ешқандай дене жарақатын алған жоқ, тиісінше ауруханаға да бармаған», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.