ШұғылЖыл басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 310 адам зардап шеккен

Павлодар облысында мереке күндері 22 мас жүргізуші ұсталды

Жүргізушілерге қатысты әкімшілік іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар полицейлері мереке күндері мас күйінде көлік басқарып жүрген 22 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік құралын мас күйде басқару ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі болып табылады, бұл көбіне жүргізушінің де, жол қозғалысының басқа қатысушыларының да зардап шегуіне әкеп соқтырады.

Алайда қабылданып жатқан шараларға қарамастан жүргізушілер ереже бұзуды тоқтатар емес.

Павлодар облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов мереке күндері полиция қызметкерлерінің өңір аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзған 871 адамды, оның ішінде мас күйінде көлік жүргізген 22 автокөлік жүргізушісін ұстағанын айтты.

Мысалы, 22 наурыз күні сағат 22.10-да Павлодар қаласындағы Катаев көшесіндегі үйлердің бірінің жанында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Лада Гранта” автокөлігін ұстаған. Бастапқыда жүргізушінің мінез-құлқы полицейлерге біртүрлі болып көрінгендіктен, олар оны тексеру туралы шешім қабылдаған. Медициналық куәландыру нәтижесі ер адамның орташа деңгейде мас екенін көрсетті.

Сол күні тағы бір азамат “Митсубиси Галант” маркалы көлігін мас күйінде жүргізіп, жауапсыздық танытқан. Барлық жағдайда автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды, ал жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды.