ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Алматыда синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты сотталды

Сот үкімімен Никляевтар кінәлі деп танылып, әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды      

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының өндірісінде СТБТ-де ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелген қылмыстық іс болды.

«Сотқа дейінгі тергеу Никляевтар ерлі-зайыптыларының психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын анықтады. Олардың қылмыстық әрекеттері бірқатар жедел және арнайы шаралармен расталды. Іздестіру шараларын жүргізу кезінде А.Никляеваның және оның күйеуі Никляевтың тұрғылықты жері бойынша ұнтақ заты бар қағаздар мен полиэтилен пакеттерін, сондай-ақ, есірткіні кейіннен сату үшін орауға арналған құралдарды тапты және тәркіледі», – деді Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.

Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және олардың аналогтарына жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, сотталушылардың тұрғылықты жерінде тінту кезінде алынған психотроптық зат – пирролидиновалерофенон болып шықты.  

«Қылмыстық істің материалдарынан күдіктілер өздерінің қылмыстық әрекеттерін үйде жасағаны, олардың кәмелетке толмаған екі баласы болғандығы анықталды, балалар өздеріне қатысы жоқ жағдайларға байланысты ата-аналарының заңсыз әрекеттерін көруге мәжбүр болды, бұл олардың психикасының қалыптасуына зиянды әсер етті. Қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Сот үкімімен Никляевтар өздеріне қатысты әрекеттер үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп түйіндеді Салаев.