ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

ВАЗ автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолды бөліп тұрған қоршауға соғылған

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды ​​облысында жол-көлік апаты салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 22 наурыз күні сағат 00: 30-да Жезқазған – Сәтпаев тасжолында болған. 

Алдын ала болжам бойынша ВАЗ автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолды бөліп тұрған қоршауға соғылған.

«Жол-көлік апаты салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», – деді облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров. 

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлік құралдарын басқарған тұлғалардың жол қозғалысы немесе немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Қайтыс болған азаматтар:  

Жүргізуші, 1989 жылы туған.
Әйел адам, 1988 жылы туған.
Әйел адам, 1990 жылы туған.
Ағалы-қарындасты бауырлар, 1987 және 1989 жылдары туған.