Алматыда із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды

Аяжан Еділова жұмыстан шыққан соң үйіне оралмаған

Алматыда із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды

Алматыда із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Бұған дейін Аяжан Еділованың әпкесі 2021 жылдың 20 наурызында сіңлісі жоғалып кеткенін айтып, полицияға хабар берген.

«Хабар-ошарсыз кеткен адамды тауып, оның жоғалу жағдайларын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды. Жедел іздеу іс-шарасы барысында қыз жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездеспек болғаны анықталды. Ол онымен әлеуметтік желілерде танысқан. Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған күдікті ұсталды. Қылмыс жасаудың себебі мен тәсілін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, 19 жастағы Аяжан Еділованың 19 наурыз күні кешкі сағат 20.43-те жұмыстан шыққан соң үйіне оралмағаны туралы хабарланған болатын

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.