$ 527.3  544.86  4.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.03.2021, 00:54
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда 200 адам жиналған корпоративтік кеш таратылды

20-21 наурыз күндері елордадағы оннан астам мекемеде карантиндік шектеулер бұзылған 

 

Нұр-Сұлтанда 200 адам жиналған корпоративтік кеш таратылды

Каратиндік шектеулерді бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастырып жатыр. Елордалық мейрамханалардың бірінде 200 адамның қатысуымен өтіп жатқан корпоративтік кеш тоқтатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өткен демалыс күндері, сол сияқты 20 және 21 наурызда мобильді топтар елорданың төрт ауданында орналасқан 10-нан астам мекемеде карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтады.

Байқоңыр ауданында орналасқан "Porta fortuna" мейрамханасында 20 наурызда 200 қонақтың қатысуымен корпоративтік кеш өткізілді.

Сонымен қатар, қала санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген жұмыс режиміне қарамастан "Рыба моей мечты" караоке залы және "Шашлыкофф" гриль бары келушілерге сағат 22.00-ден кейін де қызмет көрсетті. Есіл ауданындағы "ALANYA" караоке-мейрамханасы да осындай бұзушылыққа жол берді.

«Екі күннің ішінде Сарыарқа ауданында мобильді топтар 6 мекемедегі заңбұзушылықтарды анықтады.

Мысалы, "Гаухартас" мейрамханасы сағат 22.50-де келушілерді қабылдауды жалғастырды, сонымен қатар тексеру кезінде мекемеде 110 адам болғаны анықталды. Сағат 00:00-ден кейін де "Дольче" караоке бары және "Хива" мейрамханасы жұмыс істеді, бұл карантиндік шектеулерді өрескел бұзу болып саналады. Тыйым салынған уақытта "Шербет", "Sky Smoke", "Нирвана" түнгі клубы, барлар да ашық болды», - делінген ақпаратта.

Алматы ауданында үш қоғамдық тамақтану нысаны - "The Dubliner", "Спасибо пацанам" және "Чим-чим" кафелері жұмыс режимін бұзды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша "қызыл" аймаққа орналасқан. Карантин режимін бұзуды анықтау бойынша мобильді топтар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Елордада CОVІD-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз деп бағалануда, сондықтан елордалықтардан адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды және мүмкіндігінше үйде болуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары