$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2021, 10:46
Оқиғалар

Сайрам ауданында із-түзсіз жоғалған ер адам кісі қолынан көз жұмды

Күдікті қамауға алынды, ол бұрын істі болмаған

Сайрам ауданында із-түзсіз жоғалған ер адам кісі қолынан көз жұмды
фото: polisia.kz

14 наурыз түнгі сағат 23:00 шамасында Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті әйел күйеуінің із-түзсіз жоғалғаны туралы арызданған. Тәртіп сақшылары арызды бірден тіркеп, жоғалған азаматты іздестіруге кіріскен. Аудандық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылып, такси жүргізушілерінен және көруі мүмкін деген тұрғындардан сұрақ-жауап алынды.

Осындай жұмыстың нәтижесінде аудан полицейлері күдіктінің ізіне түседі. Оның түр-тұлғасын анықтап, жоғалған ер азаматтың танысы екенін біледі. Күдікті Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылының тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындамай, жауаптан жалтаруға тырысады. Алайда полицейлер дәлелдер мен айғақты заттарды жинақтап, жоғалған азамат өзінің BMW көлігін тастап, тек осы күдіктімен жолыққанын және күдіктінің көлігіне отырып кеткенін толығымен дәлелдеп шығады. Сосын ғана күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

Тексеру барысында белгілі болғандай, жоғалған ер азамат танысынан ірі көлемдегі ақшасын алу үшін жолыққан. Күдіктінің көлігіне отырып, жолда кетіп бара жатқанда екеуінің арасында дау-жанжал туындаған. Жанжал нәтижесінде, қарызды қайтарғысы келмеген күдікті ер азаматты аяусыз қылқындырып, жер жастандырған. Ал мәйітті өзінің бұрынғы жұмыс істейтін орны, карьердің маңына көміп тастаған.

Күдікті ер азамат қамауда. Ол бұрын сотты болмаған. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары