$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2021, 09:31
Оқиғалар

«Күйеуім мені әкесінің көзінше жалаңаштап, ұрып-соқты»: қазақстандық әйел көпшіліктен көмек сұрады

Эльвира Келмағамбетова балаларын 1 жыл бойы көрмеген

«Күйеуім мені әкесінің көзінше жалаңаштап, ұрып-соқты»: қазақстандық әйел көпшіліктен көмек сұрады

Қазақстандық Эльвира Келмағамбетова инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында видеоүндеу жариялап, көпшіліктен көмек сұрады. Ол өзінің 6 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап келгенін және 2 баласын көрмегеніне 1 жылдан астам уақыт өткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Мен - Әліби және Саида есімді екі баланың анасымын. Балаларыммен жүздеспегеніме 1 жылдан асты. Менің қолымда балалардың тұратын жерін анықтау туралы сот шешімі бар. Мен 2020 жылы сотта балаларыммен бірге болу құқығым үшін күрестім. Алайда, балаларымның әкесі, Kamkor Service ЖШС-ның бас директоры Әділжан Шоманов ол шешімді орындап отырған жоқ. Мен оның басшысы Диас Сүлейменовке хат жазып, көмек сұрадым. Алайда, одан да ешқандай нәтиже болмады», - дейді Эльвира.

Балаларына жете алмай отырған ана Қазақстандағы заңдардың іс жүзінде орындалмайтынын айтып қынжылды. Оған мысал ретінде Сымбат Құлжағарованың оқиғасын келтірді.

«Президент мырза, @tokayev_online, сізден Конституцияның кепілі ретінде көмек сұраймын. Мемлекеттік органдар өз жұмысын атқармайды. Менің балаларым қайда, оларға не болғанын білмеймін, менің олармен еш байланыса алмаймын. Маған көмектесуіңізді сұраймын», - деп жазды ол.

Эльвираның айтуынша, ол алты жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген.

«Күеуім менің қабырғамды, саусақтарымды сындырған. Шашымды жұлып, металмен ұратын.

Әділжан Шоманов – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Өзгелердің алдында үлгілі болып көрінеді. Мен енді бұл адамның үйде қандай екенін, не істегенін айтайын.

Мәселен, мына жағдай: Мен ауылда ата-енеммен, балаларыммен бірге төрт жыл тұрдым. 2019 жылдың жазы еді... Апта соңына қарай, жұма күні ол (жолдасы Әділжан Шоманов) келді. Ұшып келетінін ескерткен жоқ. Кешкі сағат жетілер шамасы болатын. Мен жуынатын бөлмеде едім. Ол үйге ашулы түрде кірді де, телефонымды тартып алды.

Мен көшеге қарй қашып үлгердім. Сыртта оның (Әділжанның) әкесі тұр екен. Мен әкесінен оны тоқтатуды сұрадым. Алайда, Әділжанды әкесі тоқтатуға оқталмады.

Сосын ол менің ішімнен тебе бастады. Мен одан тоқтауын өтіндім. Содан кейін ол айқайға басты. Мұның бәрі оның әкесінің көз алдында болды. Күйеуім мені тыржалаңаш етіп шешіндіріп, сабады. Кішкентай Саида бәрін көрді. Сосын мені үйге сүйреп әкелді. Бөлмеге кіргізді де есікті орындықпен жапты.

Мен қорыққанымнан қабырғаға қарай тақалып отырып алдым. Әділжан мені еденге жатқызып сабады. Менің үстіме отырып алып, бетімнен, ішімнен және кеудемнен ұрды», - деп жазды Эльвира.

Оның жазбаларынан белгілі болғаны, бүгін сот шешімі орындалмағаны үшін әкімшілік сот өтеді. Мекен-жайы белгісіз балаларды полиция қызметкерлері іздеуге кіріседі.

Эльвира Президент пен ҚР ІІМ, қоғам қайраткерлерінен көмек сұрауда. Ол өзінің экс-жолдасы секілді 3 бірдей адвокат жалдауға қаражаты жоқ екенін жазды.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары