$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.12.2019, 02:48
Оқиғалар

«Анам маған сенбеді»: Әкесі зорлағанын айтқан қыз көпірден секіріп кетті

Тәжікстанда ер адам 19 жастағы қызын зорлады деген күдікке ілінді

«Анам маған сенбеді»: Әкесі зорлағанын айтқан қыз көпірден секіріп кетті

Худжант тұрғынына туған қызын зорлады деп айып тағылды. 19 жастағы бойжеткен полицияға шағым түсірген соң, тергеу жұмыстары басталған. «Гулрухсор» әйелдер орталығы сот медициналық сараптамасында зорлау фактісі расталғанын мәлімдеді.

Бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болып, Сырдария көпірінен секіріп кеткен. Өтіп бара жатқан адамдар оны құтқарып, құқық қорғау органдарына апарған. Сол кездегі сараптама нәтижесі оның зорланғанын анықтаған.

Бойжеткеннің айтуынша, қыркүйек айында оны әкесі зорлаған екен. Әкесі «Болған жағдайды тіс жарып біреуге айтар болсаң, өзіңді түрмеде шірітемін» деп қорқытқан. Қыз туыстарына оқиғаны  ашық айтып берсе де, оған ешкім сенбепті. Тіпті, «солай болған күннің өзінде әкеңді түрмеге жібере алмаймыз» деп айтқан.

Жас қыз кедей отбасында өскен. 9-сыныптан соң мектепке бармаған. Ол психологтарға сол кезден бастап әкесі тисе бастағанын айтқан. Оның әпкесі де әкесі зорлағанын айтып, тергеушілерге шағымданыпты.

Қазіргі таңда жәбірленуші «Гулрухсор» орталығында тұрып жатыр. Орталық қызметкері «тәжік қоғамы зорлық көрген әйелдерді қолдамайды, керісінше, олардың өзін жазықты етеді» дейді. Биыл орталыққа 1400 адам көмек сұрап келген. Олардың екеуі зорланған.

Дереккөз: stan.kz

Серіктес жаңалықтары