Шымкентте дәмханалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды

Мекеменің өзі көптен бері жұмыс істемей тұрған

Шымкенттегі Байтұрсынов және Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан дәмханада ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Отырар.кз сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, дәмхананың қожайыны қазіргі уақытта Шымкентте емес екен. Мекеменің өзі көптен бері жұмыс істемей тұрған. Жазда жөндеуден өткенімен, әлі ашылып үлгермеген.

Кафе жанында орналасқан дүкен иесінің айтуынша, ғимаратты нақты тұрғылықты жері жоқ адамдар мекен етіп алған. Олар көрші дүкенге де ұрлыққа түскен. Сондықтан дүкен иесі ара-тұра бос дәмханаға қарап тұрады екен. 4 желтоқсан күні таңғы сағат 4.00 шамасында бас сұққанда, кафеден адам денесін тапқан.

Белгілі болғандай, 40-тар шамасындағы ер адамды әлдекімдер өлтіріп кеткен. Кафенің ауласынан қылмыстың болжалды құралы — қан іздері бар пышақ табылды.

Сұхбат
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты