Қарағанды облысында көктайғақтан 20-дан аса жол апаты тіркелді

Azattyq Rýhy
05.12.2019, 00:36

Қарағанды облысының жолдарын көктайғақ жауып қалды

Қарағанды облысының жолдарын көктайғақ жауып қалды. Соның салдарынан көлік апаты көп болып кеткендіктен, бірнеше бағыттағы жолдар жабылды. Тіпті, Теміртау қаласы мектептерінде сабақ та тоқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy .

Жаңбыр жаууы салдарынан қала сыртындағы жолдар мұз айдынына айналды. Бұған еті үйрене қоймаған көп жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған. Полицияның мәліметінше, өңірде көктайғақ салдарынан 20-дан аса жол апаты тіркелген. Ауыр жарақат алғандар жоқ.

Мәселен, Шет ауданында 42 жолаушысы бар автобус аударылған. Полицейлер көліктегі 42 адамды аман-есен шығарып, жақын маңдағы дәмханаға жеткізген. Шахтинскіге барар жолда бірнеше көлік соқтығысқан. Ал Темрітау қаласының көшелерінде көк мұздан тіптен жүру мүмкін емес. Мұнда әсіресе, кібіртіктей басқан жаяу жүргіншілер еркін жүруден қалған. Сол себепті, түстен кейінгі ауысымда оқитын балаларға сабақ болған жоқ.   

Дереккөз: КТК арнасы

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
«Қисайған үйде қауіп жоқ» - Алматы әкімдігі
Самарқанд су қоймасында адасып кеткен екі балықшы табылды
Алматыда 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат
Бүгін сайтымызда саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбат жарияланды
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді