Алматыда 18 жастағы қыз жоғалып кетті

Алматы облыстық полициясы қараша айынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен Виктория Зачепилованы іздестіріп жатыр

© instagram.com/police_almobl

Алматыда 18 жастағы студент қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Алматы облысының полициясы қараша айынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен Виктория Зачепилованы іздестіріп жатыр. 

«2001 жылғы Виктория Зачепилова 3 қарашада түнгі уақытта Талғар ауданы Шымбұлақ ауылында орналасқан үйінен шығып, қазіргі уақытқа дейін қайтып оралмаған», - делінген ведомство хабарламасында. 

Қыз бала Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқиды. Оның үстінде қоңыр түсті пальто, қара шалбар және қоңыр түсті етік болған. 

«Іздестіріліп жатқан қыз туралы қандайда бір мәлімет естіп-білген жағдайда Талғар аудандық полициясының кезекші бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз. Мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7272) 95-61-05, 8 778 900 0255, 8 778 127 9141 немесе 102», - дейді полиция өкілдері. 

Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты