ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Семей тұрғыны дүкен сатушысына пышақпен шабуыл жасаған

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

Семейде дүкен сатушысын пышақпен қорқытып, кассадан 12 мың теңге алып кеткен қаскүнем ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының соңында Семей қаласының полицейлеріне 44 жастағы қала тұрғыны хабарласып, дүкендердің бірінде белгісіз ер адамның пышақ тәріздес затпен қорқытып, кассадан 12 000 теңге көлеміндегі ақшаны қолды еткенін айтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстады, ол өз қылмысын мойындады.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 192 бабының 1-бөлігімен (Қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолданумен немесе тiкелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.