12.03.2021, 16:25
Оқиғалар
Ақтөбе облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, бір адам көз жұмды
Үш адам ауруханада жатыр
11 наурызда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Ақкемір тас жолында жол апаты болды. Жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты. Соққыдан жедел жәрдем көлігі аударылып, жеңіл көлік жолдан ұшып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» газетіне сілтеме жасап.
Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері Темір аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі Ақтөбеге науқастардың ПТР-анализін жеткізу үшін бара жатқанын хабарлады. Зардап шеккен әйел - аудандық аурухананың медбикесі.
Хонда автокөлігінің 54 жастағы жолаушысы есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Зардап шеккен тағы бір адам ес-түссіз жатса, екіншісі травматологияда жатыр. Үшіншісі үйіне жіберілді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді