ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Павлодарда дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған ер адам полиция өкілі болып шықты

Оның ішкі істер органдарында жұмыс істеп жүргеніне бір жыл болған

скриншот: видео

Осыдан бір апта бұрын әлеуметтік желіде бетіне медициналық маска таққан, қолына қару ұстаған ер адамның дүкенге кіріп, кассадағы әйел адамнан ақша беруді талап етіп жатқан видеосы тарады.

Көп ұзамай, бұл оқиғаның Павлодар қаласында болғаны анықталды. Павлодар облысы Полиция департаментінің өкілдері оқиғаның ізін суытпай, дүкенге қарақшылық шабуыл жасап, кассадағы әйелден 120 мың теңге ақша тартып алған 22 жастағы азаматты қолға түсірді. Тіпті, күдікті сол күні тағы бір дүкенді тонаған болып шықты.

Бір қызығы, қару кезініп, дүкен тонамақ болған күдіктінің Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкері екені анықталды. Бұл ақпаратты ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер растады.

Хабарланғандай, жасаған қылмысы үшін Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің кіші сержанты ұсталды. Оның ішкі істер органдарында жұмыс істеп жүргеніне бар болғаны бір жыл болған. Қазір аталмыш іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.