ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

6 наурызда Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО-ның “102” телефонына жедел медициналық көмек операторынан К.Оспанов көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберістерінің бірінде 4-қабаттағы баспалдақ алаңында пышақ жарақатын алған ер адамның табылғаны туралы хабарлама келіп түседі.

Көрсетілген мекенжайға дереу тергеу-жедел тобы жіберіліп, онда зорлықпен өлім белгілері бар 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Патрульдік полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен “ізін суытпай” 32 жастағы ер адамды ұстады.

Алдын ала тергеу барысында үйдің ішінде ер адамдар ішімдік ішіп, жан-жал кезінде күдікті ішімдік ішетін адамға бірнеше рет пышақ салғаны белгілі болды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті ҚР ҚПК 128-бабының тәртібімен Ақтөбе қ.УҰИ-ға қамауға алынды.

ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.