ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Павлодарда діни сенімнен шыға алмаған әйел перзентінен айырылды

Ол мерзімінен бұрын туған сәбиінің өмірін сақтап қалу үшін қан құюға қарсы болған

Фото: ашық дереккөзден

Биыл қаңтар айының соңында Павлодардағы перзентханада мерзімінен бұрын туған нәресте бір күннен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.

Бала 2021 жылы 22 қаңтарда Павлодарда мерзімінен бұрын салмағы 700 грамм болып дүниеге келген. Баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер қан құю керек екенін айтқан. Алайда анасы бұған қарсы болыпты. 

Келіншектің мұндай шешім қабылдауына діни көзқарасы түрткі болған. Әйел баланың өміріне қауіп төніп тұрса да, шешімінен бас тартпапты. Алайда, ол емдеудің баламалы әдісі құрамында темір және дәрумендер бар эритропоэтин препараттарын қолдануға келіседі. Дәрігерлер полиция шақырып, жас ананың келісімін алмақ болған. Бірақ процесс жүріп жатқанда, нәресте көз жұмды.