ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Құқық қорғау органдарының экс-қызметкерлері кірген қылмыстық топ өкілдері ұсталды

Қазақстанның төрт қаласында аса ауыр қылмыс жасамақ болған ҰҚТ өкілдері ұсталды

фото: ҰҚК баспасөз қызметі

10 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді.

Ұсталған топтың 16 қатысушысына адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шегінен тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау айыптары тағылып отыр.

«Ұстау барысында қаскүнемдерден олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақшалай қаражат, материалдық құндылықтар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, алынды», - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қылмыстық топтың құрамына құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері кірген.