ШұғылЖыл басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 310 адам зардап шеккен

Өткен тәулікте автожолдарда қар құрсауында қалған 260 адам құтқарылды

Бүгін 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте автожолдарда қар құрсауында қалған 260 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының құтқарушылары қар құрсауынан 52 бірлік техниканы шығарып, 260 адамды құтқарып, эвакуациялады.

ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Осындай штабтар Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында жұмыс істейді.

2021 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 15 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай,Қарағанды,Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында) дауылды ескерту жарияланды.

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) 6 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі және 102 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл - Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстары.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай облысындағы беккеттерде 47 бірлік жүк және жеңіл автокөлік тұр.

Ақмола облысының жылыту пунктіне 56 адам, оның ішінде 6 бала орналастырылды.

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен, ЖАО барлығы 712 адам және 471 бірлік техника жұмылдырылды.