Белгілі қазақстандық футболшы әрі бапкер дүние салды

Azattyq Rýhy
04.12.2019, 01:33

Леонид Остроушко Кеңес одағының спорт шебері, экс-футболшы, "Қайрат" футбол клубының бапкері болған  

Қазақстанда ғана емес, Ресей, Өзбекстан сынды елдерде белгілі болған экс-футболшы, Кеңес одағының спорт шебері, "Қайрат" футбол клубының бапкері Леонид Остроушко 83 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылық "Қайратта" Леонид Остроушко кезінде жартылай қорғаушы болған. Сол кезден бері жанкүйерлер аты аңызға айналған футболшының шеберлігін жақсы біледі.

Футболшы карьерасын аяқтаса да, спортпен қош айтысып кетпей, ұзақ уақыт бойы бапкер болған. Леонид Остроушконың "Қайрат" клубына ғана емес, семейлік "Цементник", жамбылдық "Алатау", қарағандылық "Шахтер" сынды командаларға да еңбегі сіңді.

Леонид Остроушко Ресей мен Өзбекстанда еңбек сіңірген бапкер атағына ие болған.

Қазақстанның футбол федерациясы белгілі спортшының, бапкердің өмірден озуына байланысты көңіл білдірді.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
«Қисайған үйде қауіп жоқ» - Алматы әкімдігі
Самарқанд су қоймасында адасып кеткен екі балықшы табылды
Алматыда 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат
Бүгін сайтымызда саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбат жарияланды
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді