04.12.2019, 00:56
Оқиғалар
Елімізде тоғыз айда 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген
Көлік қақтығыстарының салдарынан 2 мыңға жуық адам қаза болып, 17 мыңнан астам жолаушы жарақат алған
Елімізде жол апаттары жиілеп кеткен. Соңғы 9 айдағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанда 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 5%-ға көп. Көлік қақтығыстарының салдарынан 2 мыңға жуық адам қаза болып, 17 мыңнан астам жолаушы жарақат алған. Ең сорақысы, мерт болғандар арасында өрімдей балалар көп. 197 жеткіншектің қыршын өмірі тасжолда қиылған. Тағы 3,5 мыңға жуық бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды