Таразда 41 жастағы ер адам синтетикалық есірткімен ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Таразда 41 жастағы ер адам синтетикалық есірткімен ұсталды

Тараздық полицейлер ер адамнан синтетикалық есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында “Допинг” республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамнан “МЕФЕДРОН” (2гр 600мг) және “а-РVР” (1 гр 130 мг) психотроптық синтетикалық есірткі құралдары табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының УҰИ-ге қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.