$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.03.2021, 08:52
Оқиғалар

Ақтауда жоғалып кеткен бойжеткеннің мәйіті табылды

Алдын ала болжам бойынша, ол суицид жасаған

Ақтауда жоғалып кеткен бойжеткеннің мәйіті табылды
Lada.kz

Ақтауда ақпан айының соңында жоғалып кеткен бойжеткеннің денесі табылды деп жазады «Лада». 2002 жылы туған қыз 11-шағынаудандағы өз үйінен шығып, қайта оралмаған.

«Теңіз жағасынан оның киімдері мен жеке заттары: курткасы, жейдесі, бейсболкасы және ұялы телефоны табылды», - делінген аталған басылым таратқан хабарламада.

Бойжеткен үйінен 23 ақпан күні кешке шығып кеткен. 25 ақпанда анасы полицияға хабарласып, қызының жоғалғанын айтқан. Полицейлер жоғалған қыздың мәйітін сол күні 4-ші «А» шағынауданынан тауыпты. Оның денесінде зорлық белгілері болмаған.

«Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін өзі өлтіруге жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтау #суицид