Петропавлда бес қабатты үйдегі жарылыстан зардап шеккен үшінші адам қайтыс болды
Түрлі жарақат алған 3 науқас ауруханада жатыр
Петропавлда бес қабатты үйдегі жарылыстан зардап шеккен үшінші адам қайтыс болды. Бұған дейін Петропавлда бес қабатты үйде газ баллоны жарылып, 2 адам ажал құшқаны жайында хабарлаған едік. Түрлі деңгейде жарақат алған 12 адам ауруханаға жатқызылған болатын. Жарылыстан жапа шеккендердің тағы бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше сол күні ауруханада түскендердің арасында жансақтау бөлімінде жатқан науқас жоқ.
«Қазір түрлі жарақат алған 3 науқас ауруханада. Қалғандары үйлеріне жіберілді. Денесінің 65 пайызын күйік шалған 4 курс стуенті кеше түнде қайтыс болды», - дейді аталған ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.
Марқұм ауруханада 10 күн жатты.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО