ШұғылКоронавирус вакцинасын салдырған қазақстандықтар саны 700 мыңға жуықтады

Алматыда полиция қызметкері 9 қабаттан құлап кетті

Оған шұғыл ота жасалғанымен жағдайы ауыр

Фото: Дана Рахимова/facebook.com

Полиция қызметкерлері қараусыз қалған құрылыс алаңының төбесінде ойнап жүрген  жасөспірімдерге ескерту жасаймын деп жарақат алды. Алматы қаласы Алатау ауданы ювеналды полициясының қызметкері 9 қабатты үйде қараусыз жүрген жасөспірімдерді төмен түсіру үшін жоғарыға көтерілген. Алдын алу үшін жүргізілген әңгіме кезінде мұз қатып қалған құрылыс нысанының үстіңгі қабатынан тайғанап, құрылыс алаңынан құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына қарағанда, полицей жараланған. Оған шұғыл ота жасалғанымен жағдайы ауыр.

Полиция қызметкері кемелетке толмаған жасөспірімдердің ата-аналарын шақырып, ҚР ӘҚбК-нің 127 бабы «Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы» бойынша бірнеше хаттама толтырылған. Оқиға кезінде жасөспірімдер зардап шекпеген.

Алматы қалалық полиция департаменті ата-аналардан балаларға сақ болуын және олардың іс-әрекетіне мұқият болуды сұрайды.

Ал зардап шеккен полиция қызметкерінің үш баласы бар, зайыбы жүкті екен.

«Полиция департаменті оның отбасына тиісті қолдау көрсетеді», - делінген хабарламада.