02.03.2021, 11:02
Оқиғалар
Қарағандыда жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік қақтығысынан бір адам қаза тапты
Тағы бір адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды
Фото: ашық дереккөзден
Қарағандыда жол апатынан бір қайтыс болып, екіншісі ауыр жарақат алды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«ВАЗ 2114» көлігі мен жолаушылар автобусы Майқұдық және Сортировка шағын аудандарының арасындағы жолда қақтығысқан. Салдарынан жеңіл автокөлік қатты соққыға ұшырап, бірнеше адам зардап шекті.
«Жол апатынан бір адам қаза тапты, тағы біреуінің жағдайы ауыр. Ол қалалық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, автобустың кондукторы ауданаралық ауруханаға жіберілді»,- деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
18.05.2026, 10:33
«Көсе Гөкер мырза, уақыт жетті!»: Нәлібаев Алматы әуежайының құрылысын сынап, жаңа басшысына шілдеге дейін ғана уақыт берді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 23:19
Көкшетауда балалар мінген паром көл ортасында тоқтап қалды (ВИДЕО)