01.03.2021, 22:33
Оқиғалар
Жаңаөзенде екі адам газдан уланып көз жұмды
Ерлі-зайыптыларға шұғыл көмек көрсету мүмкін болмады
Фото: ашық дереккөзден
Жаңаөзенде екі адам газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға болған жерге шұғыл жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері пеш мұржасынан ақау тапты. Қазір полиция мен «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының қызметкерлері осы жағдайға қатысты өзге де тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Қайғылы жағдайға жылыту құралын қолдану ережелерінің өрескел бұзылуы себеп болғаны анықталды. Ерлі-зайыптыларға шұғыл көмек көрсету мүмкін болмады. Оқиға орнында департамент қызметкерлері мен полицейлер жұмыс істеп жатыр», - деді өңірлік ТЖД басшысы Мұрат Мұханов.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді