$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.03.2021, 23:22
Оқиғалар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған 3 жастағы бала көз жұмды

22 жастағы әйел 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған 3 жастағы бала көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда 3 жастағы баласын соққыға жыққан әйел енді он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бір ай бойы аурухананың жансақтау бөлімінде жатып, өмір үшін күрескен үш жастағы бала демалыс күндері жан тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Кәмелетке толмағанын біле тұра ауыр дене жарақатын келтіру фактісі жөнінде ҚР қылмыстық кодексінің 106 бабы екінші бөлігі денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қыздың қайтыс болуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы қылмыстық кодекстің 106 бабының үшінші бөлігіне қайта сараланды», - деді Петропавл қаласының полиция бөлімі тергеу бөлімінің бас тергеушісі Жанар Танишева.

Айта кету керек, 17 қаңтарда анасының жұдырығынан кейін сәби есінен танып, төсек тартып қалған. Кейін дәрігерлер оның бас сүйегі қатты зақымданғанын хабарлады. Бұдан бөлек баланың тұла бойынан басқа да жарақаттар анықталған. Зомбылық әрекетінен кейін тәртіп сақшылары баланың анасын бірден қамауға алды. Анасының әлеуметтік жағдайы төмен болған соң, сәби алдымен балалар үйінде, кейін біршама уақыт әкесінің қолында тәрбиеленген. Кейін анасы баланы қайтарып алған.

Серіктес жаңалықтары