ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші тағы өсті

Байқоңырда жоғалып кеткен екі баланың біреуінің денесі табылды

Қазіргі уақытта екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

 

Видеодан кадр

Байқоңырлық сегіз жасар Ерхан Анастың денесі Сырдария өзенінен табылды. Бұл туралы жоғалып кеткен балаларды іздеуге жұмылдырылған еріктілер мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазіргі уақытта тағы бір бала, сегіз жасар Нұрәлі Оразбаевты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Ерхан Анастың денесі Сырдария өзенінен табылды. Екінші баланы іздеу жалғасуда», – деді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Айта кетсек, кеше, яғни 20 ақпан күні сегіз жасар Нұрәлі Оразбаев пен Ерхан Анас күндізгі сағат 10:30 шамасында «Маяк» спорт кешеніндегі бассейннен шығып, сол күйі үйлеріне оралмаған.

Із-түзсіз жоғалып кеткен балаларды іздеу үшін қала жастарынан еріктілер тобы құрылып, бүгін таңғы сағат сегізден бастап қаладағы барлық аула-гараждар мен қуыс-қалтарыстарды аралап шыққан. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іздеу жұмыстарына сондай-ақ, қазақстандық және ресейлік полицейлер, Төтенше жағдай министрлігінің өкілдері, прокуратура қызметкерлерімен бірге еріктілер де жұмылдырылған. Сондай-ақ тікұшақ та тартылды.

Балалардың спорт кешені ғимаратынан екі жүз метрдей қашықта ағып жатқан Сырдария өзеніне қарай бара жатқанын көргендер бар екені туралы ақпарат пайда болысымен, еріктілер мен полицейлер және ТЖМ өкілдері өзен жағалауын қарауға кіріскен болатын.