Ақтауда ер адам 10 мың теңге мен телефон үшін танысын өлтірген
Іс материалдарындағы мәлімет бойынша оқиға кезінде қылмыскер жәбірленушінің үйінде болған
Ақтауда ер адам 10 мың теңге мен телефон үшін танысын өлтіріп, қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy инАқтау сайтына сілтеме жасап.
Іс материалдарындағы мәлімет бойынша оқиға кезінде қылмыскер жәбірленушінің үйінде болған. Екеуі жанжалдасып қалған соң әйел адам ұйықтауға кетіп қалады. Алайда ашуын жеңе алмаған ер адам асүйден пышақ алып, төсекте жатқан әйелдің кеудесінен бірнеше мәрте ұрады.
Әйел адам қашпақ болып қарсыласқанымен, ер адам қолына орамал алып оны тұншықтырып өлтіріп тастаған.
Оқиғадан соң ер адам пәтерден әйелдің 10 мың теңгесі мен ұялы телефонын алып шығып кеткен. Алайда полицейлер қылмыскерді көп ұзамай қолға түсірді.
Бүгінде қылмыскер ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 188-баптары бойынша тағайындалған жазаға сәйкес, 11 жылға бас бостандығынан айрылған.