Автобустың алдыңғы доңғалағы жарылып, көлік Куенга өзеніне құлап кеткен
Забайкалье аумағында автобус Куэнга өзеніндегі көпірден құлап, соның салдарынан 19 қаза тауып, 21 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ресейлік ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасай отырып.
«Жол апаты 1 желтоқсан күні «Могойтуй – Сретинск – Олочи» автожолының 60-шақырымында болды. Автобустың ішінде 43 жолаушы отырған. Қазіргі дерек бойынша 19 қаза тауып, 21 адам түрлі жарақат алған», – делінген Забайкалье өлкесінің губернаторы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алдын ала болжам бойынша автобустың алдыңғы доңғалағы жарылып, көлік Куенга өзеніне құлап кеткен.
Автобус апатынан зардап шеккен жолаушылар аудандық ауруханаға жатқызылған.
Оқиға орнында мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ, екі тікұшақ пен криминалист тергеушілер де жіберілген. Ал Забайкалье губернаторы Александр Осиповтың ауданға келе жатқаны хабарланды.
Қазіргі таңда аталмыш апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде
Зардап шеккен ер адам комада жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланған
Бұл туралы біреуге тіс жарса өлтіремін деп қорқытқан
Полицейлерден оңбай таяқ жеген күдікті Аманжол Әлібаевты дәрігерлер әрең аман алып қалыпты
1961 жылғы ер адамның кеудесінің сол жағына оқ тиіп, ауруханаға жеткізілген