$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2021, 11:04
Оқиғалар

«Мүгедектікке шығарып беремін»: Түркістанда алаяқ ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Мүгедектікке шығарып беремін»: Түркістанда алаяқ ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында әйелді «мүгедектікке шығарып беремін» деп алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып келеді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, өзіне жақын таныс емес азаматша «мүгедектікке шығарып беремін» деп 150 мың теңгесін алып, алдап кеткен. Арада біршама уақыт өтсе де ол жәбірленушіге берген уәдесін орындамаған. Мүгедектікке шықпағаннан кейін, не ақшасын қайтармаған соң сан соғып қалғанын түсінген тұрғын полицияның көмегіне жүгінген», - делінген хабарламада.

Түркістан ҚПБ-ның полицейлері аталған жайтқа байланысты тергеп-тексеру амалдарын бастап кетеді. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде, қалалық сақшылар алаяқтыққа күдікті әйелді анықтайды. Ол осы қаланың бұрын сотты болған тұрғыны болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».

Серіктес жаңалықтары