$ 523.86  544.34  5.11
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.02.2021, 16:50
Оқиғалар

Мүсірепов ауданындағы элеваторда жұмысшы қаза тапты

Оқиға «АқНанСевер» ЖШС элеваторында болған

Мүсірепов ауданындағы элеваторда жұмысшы қаза тапты
фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан орталығы Новоишимское ауылындағы «АқНанСевер» ЖШС элеваторында 36 жастағы жұмысшы қаза тапты. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды. Бұл туралы СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

9 ақпан күні Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөліміне шамамен сағат 16:00-де Новоишимское ауылының «АқНанСевер» ЖШС элеваторында болған оқиға туралы хабарлама келіп түскен. Дәнді дақылдарды сақтауға арналған металл силосты тазалау кезінде 36 жастағы жұмысшы шұңқырға құлап, мерт болған. Оның денесі арада бірнеше сағат өткен соң шамамен сағат 23-те сыртқа шығарылған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын қарап, куәгерлерден жауап алды. Өндірісте қаза болу фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бойынша енгізілген.

«Оқиғаның толық және объективті мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары мен жауапты тұлғаларын адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстарды заңнаманы қатаң сақтаумен жүргізу қажеттігі туралы ескертеміз», - деді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Марат Әлжанов.

Серіктес жаңалықтары