ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

СҚО-да үй өртеніп, 3 адам қаза тапты

Олардың үшеуі де бір отбасының мүшелері

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласында жер үй өртеніп, бір отбасынан үш адам қаза тапты. Құтарушылар тілсіз жауды ауыздықтау үшін екі сағат бойы арпалысқан. Үйдің ішінен 3 жасар бала мен оның ата-анасының денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оқыс оқиға жайлы қоңырау кезекші бөлімге таңғы сағат 7-де келіп түскен. Қазір қызыл жалынның неден шыққаны анықталып жатыр. Мамандардың айтуынша, өрт саларынан тағы бір адам зардап шеккен болуы ықтимал. Қазір ол іздестірілуде.

«Өрт кезінде үйде газ балоны жарылған. Салдарынан баспананың шатыры опырылып түсті. Біздің мамандар үш адамның мәйітін тапты. Марқұмның туыстарының айтуы бойынша, үйде 19 жастағы тағы бір бойжеткен болған. Қазір оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», - дейді СҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Рамиль Камалов.

Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 96 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,5 есеге көп. 14 адам көз жұмған. Келтірілген шығын көлемі 27 миллион теңгеден асқан.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Тегтер: