11.02.2021, 14:40
Оқиғалар
Атыраулық екі азаматтың көлігінен 364 киік мүйізі тәркіленді
Сондай-ақ құжаты жоқ суық қару алынды
скриншот: youtube
6 ақпанда жергілікті полиция өкілдері Атырау қаласындағы Геолог ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жергілікті тұрғындарға тиесілі екі көлік ішінен барлығы 364 дана киік мүйізін тауып, тәркіледі.
«ВАЗ-21014» автокөліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы «ТОЗ-16» маркалы аңшы мылтығы табылды. Ал екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен рұқсат құжаттары жоқ 4,5 калибрлі «Байкал МР-512» маркалы қару тәркіленді.
Қазір Исатай ауданы мен Атырау қаласының 23 жастағы екі тұрғына қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді