$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2021, 04:28
Оқиғалар

ШҚО тұрғыны отыз жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

Құжатсыз кейуана зейнетақыдан қағылып, медициналық көмек те ала алмай келген

ШҚО тұрғыны отыз жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Бесқарағай ауданының тұрғыны отыз жыл бойы жеке куәліксіз жүрген, деп жазады «Алтайньюс» басылымы.

Зейнеткер жақында «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына барып, көмек сұрған екен.

«Оның өтінішінен кейін тиісті орындарға хабарластық. Тұрғын құжатсыз көп уақыт жүргендіктен жеке куәлік рәсімдеу біршама уақытқа созылды. Аудандық көші-қон полициясына, облыстық Полиция департаментіне сұрау жіберіп, ақыры мәселені шештік», – деді «Nur Otan» партиясының Бесқарағай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары У.Омаров

«Қазақстан тәуелсіздік алған тұста құжатымды жөндете алмай қалдым. Жеке куәлік болмаған соң зейнетақы, қандай да бір жәрдемақы ресімдеуге немесе медициналық көмек алуға мүмкіндігім болмады. Енді куәлік алдым, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектерді алуға да мүмкіндік туды. Осы мәселенің нәтижелі шешілуіне тікелей ықпал еткен «Nur Otan» партиясына алғысымды айтамын», – дейді зейнеткер Л.В. Шостак.

Серіктес жаңалықтары