$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.02.2021, 15:21
Оқиғалар

БҚО-да жаңа туған сәбиін өлтірген студентке қатысты сот үкімі шықты

Нәресте шамамен 8-8,5 айлық болған

БҚО-да жаңа туған сәбиін өлтірген студентке қатысты сот үкімі шықты
көрнекі фото

Оқиға 2020 жылдың 23 қараша күні Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болған. 4 ақпанда Казталов аудандық №2 соты жаңа туған сәбиін полиэтилен пакетке орап, көшедегі дәретханаға тастаған студент қызға қатысты үкім шығарды. 19 жастағы тұрғын 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, жігітінің бала үшін жауапкершілік алудан бас тартқанын, жүкті екенін ата-анасына айтудан қорыққанын жеткізді.

Сот үкімімен Қазталов ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны Қылмыстық кодексінің 100-бабы (Жаңа туған нәрестені анасының өлтіру) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға сотталды.

Сараптама қорытындысы бойынша, баланың өліміне механикалық асфиксия себеп болған. Нәресте шамамен 8-8,5 айлық болған.

Серіктес жаңалықтары