БҚО-да 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған
Оқиға 23 қараша күні Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болған
Батыс Қазақстан облысында жас қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға салып жіберген. Бұл туралы mgorod.kz хабарлайды.
Оқиға 23 қараша күні Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болды. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, осында тұратын 19 жастағы қыз босанғаннан кейін шақалақты пакетке салып, дәретханаға лақтырған. Қазір өзі ауруханада жатыр.
«Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша жаңа туған нәресте суықтан қайтыс болған. Қыздың өзі қазір ауруханада, онымен психологтар жұмыс істейді», - деп пікір білдірген БҚО денсаулық сақтау басқармасынан.
Колледжде қашықтан оқып жатқан қыз толық отбасында тәрбиеленген. Үш баланың үлкені. Қазталов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қайырханов оқиғаны растады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 100-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.