01.02.2021, 11:52
Оқиғалар
Тәжікстан мен Ауғанстанға сұйытылған газды заңсыз тасымалдаған екі азамат сотталды
Мемлекет кірісіне 720,8 тонна сұйытылған газ қайтарылды
Шымкент қаласында экономикалық контрабанда мен аса ірі көлемде сұйылтылған газды заңсыз тасымалдау фактілері анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
2017-2020 жылдар аралығында Шымкент қаласының екі тұрғыны құжаттарды жалған декларациялау арқылы Тәжікстан мен Ауғанстан аумағына 700 тоннадан астам сұйытылған газды заңсыз тасымалдаған.
Шымкент қаласының аудандық соты шешімімен екі айыпталушыға қатысты үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды (Қылмыстық кодекстің 234-бабы, 2-бөлігі, 1, 4-тармақтары және 197-бөлігі, 4, 2-тармағы). Мемлекет кірісіне жалпы сомасы 110 млн теңгені құрайтын 720,8 тонна сұйытылған газ қайтарылды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды