29.01.2021, 01:48
Оқиғалар
Қызылордалық тұрғын интернет арқылы көршісін тонаған
Жас жігіт зейнеткердің қомақты қаражатын өз есепшотына аударып алған
Қызылордалық қаскүнем зейнеткердің аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы оның ақшасын өз шотына аударып алған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 65 жастағы қала тұрғыны арызданды.
Зейнеткер өз арызында 27 жастағы көршісінің оның аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы 304 000 теңге қаражатын өз есепшотына аударып алғанын көрсеткен.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қала тұрғындарынан қырағы және сақ болуды сұрайды.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды