ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші тағы өсті

«Шетелге шыға алсам болды»: Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты

Сот үкімі бүгін сағат 14:30-де болады

Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) үстінен іс қозғалған танымал спортшы Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты.

«Құрметті сот, мен үшін ең маңызды мәселе шетелге шығуға мүмкіндігімнің болуы. Мен елімнің намысын қорғап жүрмін. Жазам қандай болса да, көнемін. Тек шетелге шыға алсам болды. Менің алға қойған мақсатым көп», - деді ол.

Қуат Хамитовқа қатысты іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр.

Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте қазақстандық танымал спортшы Қуат Хамитов зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы үшін полицияға жеткізілді. Қуат Хамитовтың халықты билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы желіде көп талқыланды. 

Тегтер: