Қуат Найманға қатысты сот үкімі шықты
Оған 6 айға бостандығын шектеу туралы жаза тағайындады

Алмалы аудандық сотында бүгін белгілі жекпе жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімі шықты. Күдікті ұшақтан дезинфекциялық заттарды бүркігендерді ұрып, ату керек деп мәлімдеме жасағаны үшін айыпты деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Сот Қуат Хамитовке 6 айға бостандығын шектеу туралы жаза тағайындады.
Танымал спортшыны Алмалы аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272 бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп тапты. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру) санкциясы үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында спортшы тікұшақтарға оқ атуға және дезинфекция жасайтын жұмысшыларды соққыға жығып, олардың тағы да «халықты улай бастағанын» айтқан еді. Кейін полицияға жеткізілген Қуат Хамитов бұл видеоны «әзіл» деп атады.
Ол бұған дейін сот алдындағы соңғы сөзінде бас бостандығын шектемеуді сұраған еді.
«Құрметті сот, мен үшін ең маңызды мәселе - шетелге шығуға мүмкіндігімнің болуы. Мен елімнің намысын қорғап жүрмін. Жазам қандай болса да көнемін. Тек шетелге шыға алсам болды. Менің алға қойған мақсатым көп», - деген еді.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы