Павлодарда кәмелетке толмаған қызды 4 жыл бойы зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты
Үкім заңды күшіне енген жоқ

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен жас баланы бірнеше рет зорлау, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау және зорлау, қару, есірткі заттарын заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық істі қарады.
Сот анықтағандай, Ж. 2016 жылдың 24 наурызынан бастап 2020 жылдың 4 қаңтарына дейін жас баланы бірнеше рет зорлап, сонымен қатар кәмелетке толмаған үш балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған және зорлаған.
Ж.-ны тінту кезінде гаражда кесілген мылтық, тұрғылықты жерінен есірткі табылды.
Алқабилердің бірауыз кесімімен тағылған айыптаудың барлық эпизодтары бойынша Ж.-ның кінәлілігі туралы шешім қабылданды және өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.