ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

ШҚО-да өзенге батып бара жатқан тұрғын құтқарылды

Әйел адам су алмақ болған сәтте өзенге құлап кеткен

 

Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзеніне батып бара жатқан әйел құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға Өскемен қаласының маңында болған. «Самал» саябағының маңында әйел адамның суға батып бара жатқанын көріп қалған тұрғындар құтқарушыларды көмекке шақырған. Құтқарушылар бірден оқиға орнына қайықпен жеткен. Құтқарушылар мен артынша жетен полиция қызметкерлері әйелді жағаға шығарып, жедел жәрдем шақырды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, 1960 жылы туған қала тұрғыны өзеннен су алып жатқанда, аяғы мұздан тайып кеткен. Өзенге құлап, жүз метрдей ағып барып, жанталаса жағаға дейін жүзіп жеткен. Алайда судан шығуға күші жетпеген. Куәгерлер оны ағыс алып кетпес үшін құтқарушылар келгенше ұстап тұрған.