14.01.2021, 16:30
Оқиғалар
Қарағанды шахтасында болған апаттан бір адам қайтыс болды
«АрселорМиттал Теміртау» қайтыс болған адамның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетеді
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Ленин атындағы» шахтасында болған апат кезінде үшінші ауысымның 137 қызметкері болған. Олардың 136-сы жер бетіне шығарылды, бірі шыға алмай, мерт болды.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының ұжымы мен басшылығы оқиға салдарынан Ленин атындағы шахтада қаза тапқан бұрғылау қондырғысының машинисі Николай Шадировтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің хабарлауынша, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қайтыс болған адамның отбасына Қазақстан заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)